Текст
Салауатты өмір салтын ұстану мақсатында мектептің әлеуметтік педагогы Суворкина Антонина Борисовна жоғары сынып жетекшілерімен бірлесе отырып, ата-аналар чатына Вейп – электронды темекіні пайдаланудың зияны туралы ақпаратпен бөлісті.
Электронды темекі құрылғысын қолданатын әрбір адам білуі керек:
Темекі шегуге арналған электронды құрылғылары кәдімгі темекі шегуге балама емес;
Электронды темекі құрылғылары қатерлі ісік, өкпе және жүрек ауруларын тудыруы мүмкін;
Электрондық құрылғыларда темекі шегу никотинге тәуелділікті жоққа шығармайды;
Бір құрылғыны ортақ пайдалану гепатит пен туберкулезді жұқтыруы мүмкін.