"Бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім берудің жалпы білім беретін бағдарламалары бойынша оқыту үшін ведомстволық бағыныстылығына қарамастан білім беру ұйымдарына құжаттар қабылдау және оқуға қабылдау" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты
1. Мемлекеттік қызметті ұсыну тәсілдері: 1) "электрондық үкіметтің" веб-порталы www.egov.kz (бұдан әрі-портал); 2) көрсетілетін қызметті беруші.
2. Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі: Көрсетілетін қызметті берушіге құжаттар топтамасын тапсырған сәттен бастап, сондай – ақ портал арқылы жүгінген кезде-бір жұмыс күні.
3. Бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім беру ұйымына қабылдау үшін: күндізгі және кешкі оқу нысанына-30 тамыздан кешіктірмей; бірінші сыныпқа-ағымдағы жылдың 1 сәуірінен 1 тамызына дейін.
4. Мемлекеттік қызмет көрсету нысаны: Электронды/қағаз түрінде Мемлекеттік қызметті көрсету кезінде көрсетілетін қызметті алушыдан алынатын төлем мөлшері және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда оны алу тәсілдері: тегін
5. Жұмыс кестесі: 1) көрсетілетін қызметті берушіде - Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 23 қарашадағы Еңбек кодексіне (бұдан әрі – Кодекс) сәйкес демалыс және мереке күндерін қоспағанда, белгіленген жұмыс кестесіне сәйкес дүйсенбіден бастап жұманы қоса алғанда, сағат 13.00-ден 14.30-ға дейінгі түскі үзіліспен сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін. 2) порталда-жөндеу жұмыстарын жүргізуге байланысты техникалық үзілістерді қоспағанда, тәулік бойы (көрсетілетін қызметті алушы жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, Кодекске сәйкес демалыс және мереке күндері жүгінген кезде өтініштерді қабылдау және Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерін беру келесі жұмыс күні жүзеге асырылады).
6. Мемлекеттік қызмет көрсету орындарының мекенжайлары: 1) көрсетілетін қызметті берушінің интернет-ресурсында; ; 2) порталда www.egov.kz.
7. Мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті құжаттар тізбесі қызмет көрсетушіге; 1) осы Стандартқа 2-қосымшаға сәйкес өтініш; 2)жеке басын куәландыратын құжаттың түпнұсқасы (сәйкестендіру үшін қажет);, 3) денсаулық жағдайы туралы анықтама ("Денсаулық сақтау ұйымдарының бастапқы медициналық құжаттама нысандарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2010 жылғы 23 қарашадағы № 907 бұйрығымен бекітілген № 063/е нысаны (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6697 болып тіркелген) және "денсаулық сақтау ұйымдарының бастапқы медициналық құжаттама нысандарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының № 026/Е-3 бұйрығымен бекітілген
8. Мемлекеттік, оның ішінде электрондық нысанда және Мемлекеттік корпорация арқылы көрсетілетін қызметті көрсету ерекшеліктері ескеріле отырып қойылатын өзге де талаптар: 1) құжаттар топтамасын тапсыру үшін күтудің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты-15 минут; 2) қызмет көрсетудің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты – 15 минут. Көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік көрсетілетін қызметті ата-анасының (заңды өкілдерінің) ЭЦҚ болған жағдайда портал арқылы электрондық нысанда алуға мүмкіндігі бар. Көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі мен мәртебесі туралы ақпаратты қашықтықтан қол жеткізу режимінде порталдағы "жеке кабинеті", көрсетілетін қызметті берушінің анықтамалық қызметтері, сондай-ақ "1414", 8-800-080-7777 Бірыңғай байланыс орталығы арқылы алуға мүмкіндігі бар.
9. Үшінші тұлғалардың қызметті алу шарттары: Порталдағы "жеке кабинеттен" ұсынылған мәліметтер сұратылып отырған тұлғаның келісімі болған жағдайда үшінші тұлғалардың электрондық сұрау салуы.