21.11.2025
21 қараша күні қазақ тілі мен әдебиеті апталығы өз мәресіне жетті. Апталық барысында оқушылардың тілге деген құрметін арттыру, шығармашылық қабілетін дамыту, сөз өнеріне бейімділігін ояту бағытында түрлі мазмұнды іс-шаралар өткізілді.
Қорытынды күні суреттер сайысы, көркем жазу сайысы, сондай-ақ ашық сабақтарға белсенді қатысқан сыныптар марапатталып, оларға арнайы грамоталар табысталды. Әр іс-шарада оқушылар өз дарыны мен еңбегін көрсетіп, қазақ тілі мен әдебиетіне деген қызығушылықтарының жоғары екенін дәлелдеді.
Апталыққа атсалысқан барлық оқушыларға, шығармашылық қарымын танытқан жеңімпаздарға және белсенділік көрсеткен сыныптарға алғыс білдіреміз. Болашақта да тілімізді құрметтеп, өнер мен білім жолында биік белестерді бағындыра берулеріне тілектеспіз!