"АҚМОЛА ОБЛЫСЫ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫНЫҢ АТБАСАР АУДАНЫ БОЙЫНША БІЛІМ БӨЛІМІ АТБАСАР ҚАЛАСЫНЫҢ № 4 ЖАЛПЫ ОРТА БІЛІМ БЕРЕТІН МЕКТЕБІ" КОММУНАЛДЫҚ МЕМЛЕКЕТТІК МЕКЕМЕСІ
КОММУНАЛЬНОЕ ГОСУДАРСТВЕННОЕ УЧРЕЖДЕНИЕ "ОБЩЕОБРАЗОВАТЕЛЬНАЯ ШКОЛА № 4 ГОРОДА АТБАСАР ОТДЕЛА ОБРАЗОВАНИЯ ПО АТБАСАРСКОМУ РАЙОНУ УПРАВЛЕНИЯ ОБРАЗОВАНИЯ АКМОЛИНСКОЙ ОБЛАСТИ"

СоцСети

  

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

"Ақмола облысы білім басқармасының Атбасар ауданы бойынша білім бөлімінің Атбасар қаласының №4 жалпы орта білім беретін мектебі" КММ 2022 жылғы Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша қызметінің есебі

"Ақмола облысы білім басқармасының Атбасар ауданы бойынша білім бөлімінің Атбасар қаласының №4 жалпы орта білім беретін мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі өз қызметін "мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңына, Мемлекеттік қызметтер көрсету қағидаларына сәйкес жүзеге асырады.

Атбасар қаласының №4 жалпы орта білім беретін мектебі мемлекеттік қызметтің 5 түрін көрсетеді. Әрбір қызметке мемлекеттік қызмет көрсету қағидалары бекітілді, онда қызмет көрсетудің тәртібі, мерзімдері, тәсілдері және құжаттар тізбесі жазылады. Барлық қызметтер тегін көрсетіледі.

2022 жылы Атбасар қаласының №4 жалпы орта білім беретін мектебімен барлығы 62 қызмет көрсетілді, оның ішінде "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы арқылы - 0, ЭҮП (Электрондық үкімет порталы) арқылы - 13 электрондық нұсқада – 19, қағаз нұсқада-30.

2021 жылы Атбасар қаласының №4 жалпы орта білім беретін мектебіне барлығы 69 қызмет көрсетілді, оның ішінде "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы арқылы - 3, ЭҮП (Электрондық үкімет порталы) арқылы – 29, электрондық нұсқада - 22, қағаз нұсқада – 15.

Ең көп сұранысқа ие мемлекеттік қызметтер:

* Бастауыш, негізгі, орта, жалпы білім берудің жалпы білім беру бағдарламалары бойынша оқыту үшін ведомстволық бағыныстылығына қарамастан білім беру ұйымдарына құжаттарды қабылдау және оқуға қабылдау;

* Бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім беру ұйымдары арасында балаларды ауыстыру үшін құжаттарды қабылдау;

* Мектепке дейінгі білім беру ұйымдарына құжаттарды қабылдау және балаларды қабылдау.

Сондай-ақ, мектепте ақпараттық стендтерде мемлекеттік қызмет көрсету стандарттары мен ережелері орналастырылған. Өзіне-өзі қызмет көрсету бұрышы жұмыс істейді.

2022 жылы көрсетілетін қызметті алушылардан мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша шағымдар түскен жоқ.

 


Әлі пікірлер




Добавить комментарий



Включить данные в подпись
Жаңартылған күні: 28.02.2023 15:28
Құрылған күні: 28.02.2023 15:46

Текст