2024 жылдың 17 қазанында "Біз біргеміз"психологиялық клубының сабағы өтті
Мақсаты: өзіне және басқа адамдарға деген оң көзқарасты ынталандыру; оқу іс-әрекетін рефлексиялауды үйрену, өз мәселелерін, қиындықтарға тап болған кезде жеке басының ерекшеліктерін түсіну, оларды жеңуді үйрену; өзін-өзі дамыту қажеттілігін қалыптастыру.
Тапсырмалар:
1. Жасөспірімдердің проблемалары мен өмірлік қиындықтарын шешуге, өзін-өзі тануға, өзіне және басқаларға құндылық іздеуге арналған алаң құру;
2. Жасөспірімдердің өзіне-өзі көмек, өзара көмек және кәсіби көмек режимінде қолдау алуын қамтамасыз ету;
3. Психикалық денсаулықты, эмоционалды интеллектті, қарым-қатынасты, өмірлік қиындықтарды шешуге бағытталған өмірлік дағдыларды қалыптастыру;
4. Оқушыларға психологиялық білім беру және психология ғылымына қызығушылықты арттыру;
5. Жасөспірімдердің тұлғалық, зияткерлік және шығармашылық әлеуетін дамыту;
6. Өзара әрекеттесудің әлеуметтік-психологиялық дағдыларын үйрету.