Текст
Жеңіс күні-барлық қазақстандықтар үшін маңызды және айтулы мереке.Әр отбасында Ұлы Жеңіске үлес қосқан ата-бабалар туралы естелік сақталады .Бұл оқиғаны еске алу және өз халқының болашағы үшін қорықпай күрескендерге құрмет кішкентай кезінен бастап бойына сіңіп келеді.2025 жылғы 8 мамырда " №4 жалпы білім беру мектеп" КММ-де Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 80 жылдығына арналған салтанатты іс-шара өтті. Мектеп директоры Р. А. Ақанова мұғалімдер,оқушылар ,ата-аналар ұжымын келе жатқан мерекемен құттықтап,бейбіт аспан,табыс ,ертеңгі күнге деген сенімділік тіледі.Әрбір адамның міндеті-болашақ үшін соғысқан батырларды есте сақтау! Олар туралы жарқын естеліктер біздің жүрегімізде мәңгі сақталады!