Білім күні – 2025-2026 оқу жылының басталуына арналған алғашқы қоңырау, мерекелік сап түзеу. Бұл «4-ші жалпы білім беретін мектеп» КММ оқушылары үшін асыға күткен күні. 1-9 сынып оқушыларымен салауатты өмір салтын қалыптастыру мақсатында таңғы жаттығуларды Слободнюк М.В., дене шынықтыру пәнінің мұғалімі, ауыр атлетикадан спорт шебері Райляну С.А., спорт шеберлігіне кандидат Смагулов В.В.өткізді.Салтанатты жиынға қатысушылар: қала әкімінің орынбасары Пульный Д.Н., инклюзивті білім беру жөніндегі «Білім басқармасы» ММ әдіскері Мотузкова О.С., Темір жол министрлігінің басшысы Нуркин М.М. Мектеп директоры Р.Ақанова 1-сынып оқушылары, 9-сынып оқушылары, ата-аналар үшін жылы лебізін білдірді. Директордың оқу тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Курмангожина К.А. «2025-2026 оқу жылының басталуы және аяқталуы туралы», «1-сыныпқа оқушыларды қабылдау туралы» бұйрықтарымен таныстырды. Учаскелік полиция қызметкері Исманов А.Қ. құқық бұзушылықтың алдын алу мәселесі жөнінде хабардар етті. Құттықтау сөзімен ата-аналар бірлестігінің төрайымы Садвакасова Б.М., бірінші сынып оқушыларының ата-аналары атынан Н.М.Нуркина, 9-сынып оқушыларының атынан қамқоршылық кеңесінің -Касьянов К.Ш сөз сөйледі. Алғашқы қоңырауды соғу құрметі 9-сынып оқушылары Хальзова Б, Касьянова А, 1-сынып оқушылары Құрманғалиев Дамир және Абдуллин Ансарға берілді.Алда бізді жаңа білім, жаңа жетістіктер мен жеңістер күтіп тұр!