Текст
2024 жылдың 3 сәуірінде педагог-психолог Садуокасова А.А. 6-сыныпта «Интернет желісіндегі қауіпсіздік» тақырыбында психолог сағатын өткізді.
Мақсаты:
Интернетке тәуелділіктің алдын алу;
Тәуелсіздік, қызығушылық сияқты мінез-құлық қасиеттеріне оң көзқарас қалыптастыру;
Пікірталасқа қатысу дағдыларын дамыту;
Балаларды өзін-өзі көрсетуге, өзін-өзі дамытуға шақыру.
Міндеттері:
білім алушыларды қазіргі ақпараттық ортадағы жауапты және қауіпсіз мінез-құлық ережелерімен, Интернет желісіндегі құқыққа қарсы қол сұғушылықтардан қорғау тәсілдерімен таныстыру;
Интернеттің оң және теріс салдарын зерттеу;
жолдастар, ересектер арасындағы адамгершілік қарым-қатынасты, білім алушылардың ақпараттық мәдениетін тәрбиелеу.