Текст
«№4 орта мектеп»КММ-де 7–8 сынып оқушылары арасында Қазақстан тарихы пәні бойынша олимпиада өткізілді. Іс-шараның мақсаты — дарынды және ынталы білім алушыларды анықтау, еліміздің тарихи мұрасына қызығушылығын арттыру, танымдық белсенділікті нығайту. Олимпиадаға дайындық деңгейі жоғары оқушылар қатысты. Тапсырмалар тест сұрақтарынан, тарихи дереккөздермен жұмыс жасау мен шығармашылық жұмысты орындаудан тұрды. Оқушылар өз білімдерін, теориялық материалды тәжірибеде қолдана білу дағдыларын көрсетті. Олимпиада қорытындысы бойынша жеңімпаздар анықталып, олар грамота тапсырумен марапатталып, аудандық кезеңге қатысуға ұсынылатын болады.