2023-2024 оқу жылында "ОМ №4" КММ-де "Біз біргеміз " психологиялық клубы жұмыс істеді. Сабақты педагог-психолог Садуокасова А.А. жүргізді.
Клубтың негізгі мақсаты өзіне және басқа адамдарға деген оң көзқарасты ынталандыру болды; өзінің оқу іс-әрекетін рефлексиялауды үйрену, өз мәселелерін, қиындықтарға тап болған кезде жеке басының ерекшеліктерін түсіну, оларды жеңуді үйрену; өзін-өзі дамыту қажеттілігін қалыптастыру.
Клубтың алдында келесі міндеттер тұрды:
Жасөспірімдердің проблемалары мен өмірлік қиындықтарын шешуге, өзін-өзі тануға, өзіне және басқаларға құндылық іздеуге арналған алаң құру;
Жасөспірімдердің өзіне-өзі көмек, өзара көмек және кәсіби көмек режимінде қолдау алуын қамтамасыз ету;
Психикалық денсаулықты, эмоционалды интеллектті, қарым-қатынасты, өмірлік қиындықтарды шешуге бағытталған өмірлік дағдыларды қалыптастыру;
Оқушыларға психологиялық білім беру және психология ғылымына қызығушылықты арттыру;
Жасөспірімдердің тұлғалық, зияткерлік және шығармашылық әлеуетін дамыту;
Өзара әрекеттесудің әлеуметтік-психологиялық дағдыларын үйрету.
Бір жыл ішінде бекітілген жоспарға сәйкес 9 сабақ өткізілді.
Сабақтарда балалар белсенді қатысып, пікірталас жүргізді, өмірлік жағдайларды талқылады, топтарда да, жеке де жұмыс істеді.
Бір жыл ішінде оқушылар топтық пікірталас және тренинг түрінде білім алып, сенімді мінез-құлық дағдыларын қалыптастырды; психологиялық жаттығулардың көмегімен олар өздерінің эмоцияларын бақылау әдістерімен танысты.