Текст
11 қаңтарда «ОМ4» КММ оқытушылар мен қызметкерлер ұжымының кездесуі өтті.
«Атбасар ауданының білім беру бөлімі» мемлекеттік мекемесінің басшысы Н.Г.Наймушина «Үздік әлеуметтік педагог» республикалық байқауының 2-дәрежелі Дипломын Суворкина Антонина Борисовнаға табыстап, алдағы уақытта көптеген жетістікке жетуін тіледі. Облыстық және қалалық жаңа жылдық іс-шараларға белсенді қатысқаны үшін ұжымға ерекше алғысын білдірді. Мұғалімдер кәсіподақ ұйымының төрайымы Едрисова Р.Б. жоғары кәсіби жетістіктері, педагогикалық шеберлігі, қоғамдық-педагогикалық жұмысқа шығармашылық көзқарасы үшін А.Б.Суворкинаға құрмет грамотасын табыс етті. А.Б.Суворкинаны мектеп директоры Ашкенова А.К құттықтап, оның өскелең ұрпақ тәрбиесіне қосқан үлесін атап өтті.