Текст
2024 жылғы 17 қазанда педагог-психолог А.А. Садуокасова "Осы ерекше және қызықты 5-сынып" тренинг элементтерімен сабақ өткізді. Мақсаты: орта буындағы оқу жағдайларына бейімделу кезеңінде 5-сынып оқушыларына психологиялық-педагогикалық қолдау көрсету.
Міндеттері: - сыныпта жайбарақат достық атмосфера құру
- табысқа жету жағдайын жасау арқылы балаларда оң мотивация қалыптастыру
- балаларды жолдастарының жауаптарын тыңдауға үйрету
- балаларда коммуникативтік қасиеттерді дамыту, Топта жұмыс істей білу