Текст
24 қыркүйекте"№4 жалпы білім беретін мектеп"КММ-де отбасы, мектеп арасындағы байланысты нығайту мақсатында, ата-аналар арасында түсіндіру және консультациялық жұмыс , білім алушыларға тәрбиелік ықпал етудің бірлігін қамтамасыз ету және оның нәтижелілігін арттыру мақсатында ата-аналар комитетінің отырысы өтті, оған 0,1-9 сыныптардың ата-аналар комитеттерінің төрағалары қатысты . Мектеп директоры Р. А. Аканова ата-аналармен жұмыстың мақсаттары мен міндеттері туралы хабардар етті. Отырыс модераторы Б.М. Садвакасова ата-аналар комитеті жұмысының ережесімен, 2025-2026 оқу жылына арналған жоспармен таныстырды. Ата-аналар тарапынан қажетті мәселелер шығарылып, талқыланды.