Текст
"Өркен" ұлттық балалар әл-ауқаты институтына "ДосболLike"бағдарламасы аясында буллингтің алдын алу тақырыбы бойынша педагогтар үшін біліктілікті арттырудың курсын ұйымдастырғаны үшін алғыс білдіремін. Роза Дүйсенқызы Әшімбетованың жетекшілігімен "№2 ЖББМ" КММ-де өткізілген оқыту өте пайдалы және қызықты болды. Рөлдік ойындар, нақты жағдайларды талқылау және әріптестерімізбен тәжірибе алмасу біз үшін ерекше құнды болды. Жаттықтырушының кәсібилігі мен сабақтардағы қолайлы атмосфераның арқасында мен өз тәжірибемде қолданатын өзекті білім мен практикалық құралдарды алдым. "Дос болайық!"- қиындықтар азаяды... Мұндай курстар қауіпсіз және қолдау көрсететін мектеп ортасын құру үшін әр мұғалімге қажет.