Текст
24.11.2025
24 қараша 2025 жылы "№4 жалпы орта білім беретін мектеп"КММ 6-сынып оқушылары үшін "Прокурор сағаты" аясында "Қауіпсіздік сабағы" өткізілді. Тақырыбы: "Сенің жеке деректерің және оларды қалай қорғау керек?"
Сабақтың мақсаты:
– оқушыларға "жеке деректер" ұғымы туралы түсінік қалыптастыру;
– жеке деректердің түрлерін ажырата білуді үйрету;
– интернеттегі негізгі қауіп-қатерлерді көрсету;
– қауіпсіз мінез-құлық ережелерін және жеке ақпаратты қорғау тәсілдерін үйрету.
Оқушылар карточкалар арқылы жұмыс жасап, түрлі жағдайларды талдады, қауіпсіздік туралы қорытынды жасады. Жеке деректерді қорғау ережелерін бекітті.