Текст
27.11.2025
Бүгін, 26 қарашада, 2-сыныпта екінші сабақта «Көңілді сабақ» тақырыбында ашық ән-күй сабағы өтті.
Сабақ белсенді әрі қызықты түрде ұйымдастырылды. Оқушылар сұрақтарға қызығушылықпен жауап беріп, музыкалық ребустарды шешті, ырғақтық жаттығулар орындады, ән айтып, оркестр ойынына қатысты.
Сабақ жарқын, динамикалық және танымдық деңгейде өтті. Балалар шығармашылық танытып, зейін қойып, музыкалық дайындықтарын көрсетті. Осылайша сабақ нәтижелі әрі есте қаларлық болды.