Текст
Атбасар қаласының ОМ3 базасында дене шынықтыру мұғалімдері қауымдастығының аудандық отырысы өтті. Бірқатар мәселелер қаралды, олардың бірі: "2022-2023 оқу жылының екінші жартыжылдығына арналған аудандық турнирлер мен жарыстарды ұйымдастыру және өткізу". ОМ3 дене шынықтыру пәнінің мұғалімі Кулешов Т.А. баяндама жасады.