Текст
03.11.2025
2025 жылғы 3 қараша күні «№4 орта мектеп» КММ 5-сынып оқушылары үшін, «Адал азамат – адал еңбек – адал табыс» тақырыбында сынып сағаты өткізілді. Оқушылар адал болудың мәні неде, неге адал еңбек ету және өз еңбегімен нан табу маңызды екенін талқылады. Өмірден және ертегілерден мысалдар келтіріп, адамның қоғамда сыйлы әрі қадірлі болуына қандай қасиеттер көмектесетіні туралы ой бөлісті. Сабақ соңында оқушылар адалдық пен еңбексүйгіштік – әр адамның лайықты өмірінің басты негізі деген қорытындыға келді.