Текст
03.11.2025
2025 жылғы 3 қарашада «№4 жалпы орта мектебі» КММ-де «Заң және тәртіп» тақырыбында тәрбие сағаты өтті.
Іс-шара барысында оқушылар топтарға бөлініп, «Қарсы және жақтаушы» атты танымдық ойынға қатысты. Онда олар заңдарды сақтау, азаматтардың құқықтары мен міндеттерінің маңыздылығын белсенді түрде талқылады.
Оқушылар үлкен қызығушылық танытып, өз көзқарастарын дәлелдеуге, өзге пікірлерді тыңдауға және дұрыс қорытынды жасауға үйренді.
Тәрбие сағаты оқушылардың құқықтық мәдениетін, жауапкершілігін және өз елінің заңдарына құрметпен қарау сезімін қалыптастыруға ықпал етті.