"АҚМОЛА ОБЛЫСЫ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫНЫҢ АТБАСАР АУДАНЫ БОЙЫНША БІЛІМ БӨЛІМІ АТБАСАР ҚАЛАСЫНЫҢ № 4 ЖАЛПЫ ОРТА БІЛІМ БЕРЕТІН МЕКТЕБІ" КОММУНАЛДЫҚ МЕМЛЕКЕТТІК МЕКЕМЕСІ
КОММУНАЛЬНОЕ ГОСУДАРСТВЕННОЕ УЧРЕЖДЕНИЕ "ОБЩЕОБРАЗОВАТЕЛЬНАЯ ШКОЛА № 4 ГОРОДА АТБАСАР ОТДЕЛА ОБРАЗОВАНИЯ ПО АТБАСАРСКОМУ РАЙОНУ УПРАВЛЕНИЯ ОБРАЗОВАНИЯ АКМОЛИНСКОЙ ОБЛАСТИ"

СоцСети

  

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Ашық сабақ ,,Күй-қазақтың жан серігі,сырласы"

25.01.2023

Қаңтардың 24-і күні қазақ тілі мен әдебиеті апталығы аясында №4жалпы орта мектебі 7-сыныбында Ашкенова Айым Қайратқызы ,,Күй-қазақтың жан серігі, сырласы" тақырыбында ашық сабақ өткізді. Сабақтың мақсаты:тыңдалған мәтіннің негізгі мазмұнын түсіну, ақпараттық өзектілігін анықтау;жазба жұмыстарында теңеу мен метафораны қолданып жазу. Мұғалім сабақ барысында әртүрлі әдіс-тәсілдер ұсына білді. Сабақ көңілді психологиялық ахуалмен басталып, ,,Пазлы"әдісімен оқушылар топқа бөлінді."Үй тапсырмасы ,,РАФТ" стратегиясы арқылы тексерілді.Жаңа сабаққа кіріспе- арнайы қонақ музыка ұстазы Азарбакатова Г.К. әсем күй орындады.Оқушылар өздері сабақтың тақырыбын аша білді.,,Джиксо",,Фотоколлаж" әдістері арқылы мәтінмен жұмыс жасалды.Рефлексия ,,Ашық микрофон"арқылы сабаққа қорытынды жасалды. Әр тапсырмадан кейін кері байланыс, бағалау  жүргізілді.Сабақ өте қызықты,танымды өтті.Сабақта интерактив тақта,бай көрнекілік оқушылардың назарын сабақтың басынан аяғына дейін қызықтырды. Балалар тәтті сыйлықтармен бағаланды.Айым Қайратқызы оқушылармен жылы қарым-қатынас орнатып,сабақтың мақсатын орындалуына жеткізе білді. Сабақ жоғары дәрежеде өтті.

Ә/б жетекшісі: Текенова С.К.

Просмотров: 757


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст