Текст
З0-31 қаңтар 2023 жылы Көкшетау қаласында НЗМ-де "Мектеп басшысының виртуалды зертханасы" тақырыбында компьютерлік симуляторды қолдана отырып оқыту семинары өтті. Әр мектеп осы тренажерде өзінің басқару құзыреттерін жүзеге асыруға, қателіктерін көруге, дұрыс шешім қабылдай алатын орынбасарлар тобын таңдауға тырысты. Мектептің миссиясы мен проблемаларын бірнеше жыл алдын анықтау маңызды болды. Тренажер әр мектептің стратегияларды қаншалықты дұрыс анықтағанын, басқарудағы қателіктерін, мектептің мақсаттары қаншалықты дұрыс екенін және шотты толтыру үшін серіктестер мен меценаттарды таңдағанын көрсетті.