Текст
14 наурыз күні "ОМ4" КММ 8-9 сынып оқушыларының ата-аналары үшін ата-аналар жиналысы өтті, онда "ПМК Редан" жаңа жастар субмәдениеті туралы түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Мектеп директоры Ашкенова А.К. қауіпті субмәдениет өкілдерінің киімдері, рәміздері туралы хабардар етіп, тәрбие жұмысын күшейтудің маңыздылығын атап өтті. Кравцунова Е.В. оқушылар үшін сынып сағаттарын өткізу туралы, профилактикалық іс-шаралар туралы ҚР "Әкімшілік құқық бұзушылық туралы" Кодексінің 127,442,440-баптарын айтты. Психолог Жангожина А.А. ата-аналарға ұсыныстар дайындады.