Жас педагог апталығы аясында 9 сыныпта қазақ тілі мен әдебиеті пәнінен ашық сабақ өтті. Тақырыбы: Абай Құнанбайұлы. Сабақта қолданылған жаңашыл әдіс-тәсілдер: психологиялық ахуал бірлесіп жұмыс істеуге ықпал ететін «Лабиринт» әдісінен басталды. Өткен тақырыпты қайталауға «Бинго» әдісі тиімді болды. Үй жұмысын тексеру барысында оқушылар Абай Құнанбайұлының өлеңдерін мәнерлеп оқыды. Жаңа тақырып бойынша бейнероликтер көрді. Кейін тапсырмалар орындады. Бірінші тапсырма «ЗипГрейд»бағдарламасы арқылы жүзеге асты. Тапсырмалар: жеке, жұптық болып бөлінді. Әр тапсырма ұпаймен бағаланды. Бағалау «Әуе шары» арқылы жүзеге асты. Сабақтың соңында оқушылар жинаған ұпайлары бойынша әуе шарларын жоғары көтерді. Оқушылар сабаққа өте белсенді қатысты.
Мұғалімі: Кайратова Жайнагуль Манарбековна.