Текст
"ОМ4" КММ-де "Балалар еңбегін пайдалануға қарсы күрестің 12 күні" ұлттық ақпараттық науқанына орайластырылған акция өткізілді. "Балалар еңбегін пайдалану - Жоқ!". Акция Балаларды қорғау күні басталып, 12 маусымда-Дүниежүзілік балалар еңбегіне қарсы күрес күні аяқталды. Науқанның басты мақсаты-балалар еңбегінің ең нашар түрлерін қолданудың алдын алу мәселелеріне қоғамның, оның ішінде ересектердің,балалардың және олардың ата-аналарының назарын аудару, сондай-ақ осы салада құқықтық ақпараттандыру.