Текст
Жаңа оқу жылында бастауыш сынып оқушыларына тегін ыстық тамақ ұйымдастырылды. Мәзір Ақмола облысы бойынша бірыңғай.
Оқушылардың ата-аналары мектеп асханасында тамақтану процесімен танысты. Мектеп асханасының жұмысы туралы "шағымдар мен ұсыныстар" кітабына оң пікірлерін білдірді.
Мектеп әкімшілігі мен ата-аналар комитеті жалға алушы Кусаинова Айсулу Муратовнаға және оның ұжымына алғысын білдіреді.