29 қыркүйекте "ОМ №4" КММ оқушыларының ата-аналары үшін жалпы мектептік ата-аналар жиналысы өткізілді. Мектеп директоры Ашкенова А.К. оқушылардың қауіпсіздігіне қойылатын бірыңғай талаптар мен ішкі тәртіп ережелері, мектеп формасының сақталуы туралы хабардар етті. Оқушылардың бос уақытын ұйымдастыру туралы ДТЖМ Кравцунова Е.В. сөз сөйледі. Педагог-психолог Жангожина А.А. ақпараттық қауіпсіздік бойынша балаларға арналған қауіпсіздік ережелері туралы хабарлама дайындады. Кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтың алдын алу туралы аудандық полиция инспекторы Кравцунов Р.В. хабарлады. Аудандық аурухананың психологы Жаксылыкова Г. ерте жүктіліктің алдын алу бойынша ұсыныстар берді. Әлеуметтік педагог Суворкина А.Б. мен ата-аналар комитетінің төрағасы Садвакасова Б.М. мектептегі тамақтануды ұйымдастыру туралы айтып берді. Мектепте ата-аналарға арналған психологиялық-педагогикалық қолдау орталығы қалай жұмыс істейтіні туралы ДТЖМ Кравцунова Е.В. сөз сөйледі.