Текст
2023 жылғы 18 қазанда «№4 жалпы орта білім беретін мектебі» КММ оқушылары үшін буллинг, кибербуллинг, интернет-алаяқтық, нашақорлық, темекі шегудің алдын алу мәселелері бойынша кездесу ұйымдастырылды. Атбасар ауданы прокуратурасының аға прокуроры Маканов Серик Муратович интернеттегі алаяқтық түрлері туралы сөз сөйледі. Ювеналды полиция тобының учаскелік инспекторы капитан Ундубаев Б.М. құқық бұзушылықтар үшін жауапкершілік туралы хабарлады.