Текст
2023 жылғы 24 қазанда "ОМ 4" КММ 1-10 сынып оқушылары үшін Қазақстан Республикасы күніне арналған салтанатты жиын өтті. Мектеп директоры Ашкенова А.К. мемлекеттік мерекемен құттықтап, аудандық іс-шаралар жеңімпаздарына грамоталар табыс етті. 1 сынып оқушылары "Жас қыран" ББЖҰ қатарына қосылып, өте жақсы оқуға және белсенді, шығармашылық, табысты болуға ант берді. Жас қырандарға төсбелгілерді бекіту құқығы мектеп директоры Ашкенова А.К., директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары Тулеуова А.К. берілді. Музыкалық номерлерді Азарбакатова Г.К. жетекшілігімен музыкалық студияда оқитын оқушылар дайындады.