Текст
14 қазанда "ОМ №4" КММ оқушылары үшін Орыс тілі мен әдебиеті апталығына арналған жалпы мектептік жиын өткізілді. Мектеп директоры Ашкенова А.К. Қазақ тілі мен әдебиеті апталығын қорытындылап, іс-шараның белсенді қатысушыларына грамоталар табыс етті. Орыс тілі мен әдебиеті апталығын өткізу жоспарымен орыс тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Лобова Л.Р. таныстырып, оқылған шығармалар бойынша суреттер дайындауды, эссе жазуды, викториналарға, сыныптан тыс іс-шараларға қатысуды және сабаққа белсенді дайындалуды ұсынды.