Текст
Тамақтану сапасының мониторингі бойынша отырыс
2024 жылғы 16 қазанда "№ 4 жалпы білім беретін мектеп" КММ-де ата-аналардың қатысуымен мектеп асханасында оқушылардың тамақтану сапасы мәселелері бойынша мониторингтік топтың отырысы өтті. Ата-аналар комитетінің төрағалары О. Ю. Смагулова, М.В. Лутошкина, А. Т. Пожарницкая, С. К. Тәженова, З. Т. Жұманалина 1-2 сынып оқушыларының тамақтануы кезінде қатысты. "Тілектер мен ұсыныстар" кітабына көкөністердің сапасы туралы ескертулер мен тілектер жазылған жазбалар енгізілді. Тамақтану режимі және тағамдардың бекітілген мәзірге сәйкестігі сақталады.