Текст
09.12.2025
Единая «Адал Азамат» бағдарламасын іске асыру аясында «Заң және тәртіп» тұжырымдамасына сәйкес «№4 жалпы білім беретін мектеп»КММ оқушылары арасында профилактикалық іс-шаралар жүргізілуде. 1–9 сынып оқушылары арасында заңдарды сақтау, жауапкершілік және құқықтық мәдениеттің маңыздылығы туралы тақырыптық әңгімелер өткізілді. Апта сайын өтетін «Қауіпсіздік сабақтарында» оқушылар азаматтардың негізгі құқықтары мен міндеттерімен танысып, күнделікті өмірден алынған мысалдарды талдайды. Өткізілген «Заң және менің құқықтарым» іс-шаралары құқықтық сауаттылықты арттырып, тәртіпті нығайтып, жауапты әрі қауіпсіз мінез-құлық қалыптастырады.