Текст
Қазақ тілі және әдебиеті пәнінің апталығы аясында Г.М. Алимжанова 2021 ж. 19 ақпан күні шағын орталықта қазақ тілінен «1-5 дейін сандар» тақырыбында ашық сабақ өткізді. Сабақтың мақсаттары мен міндеттері: балаларды 1-5 дейінгі сандармен таныстыру, дұрыс санауға үйрету, зейінді дамыту, сөз қорын байыту. Мұғалім сабақта тірек сызбаларды, сан және ойын материалдарын, әңгіме, карточкамен жұмыс түрлерін пайдаланды. Сабақта тосын сый-қоян мен қасқырдың келуі, сұрақ-жауап әдісі, «Жоғалған санды тап», «Ғажайып қалта» ойыны ойнатылды. Балалар қызығушылықпен сұрақтарға жауап берді, тапсырмалар орындады. Сабақта Толегенов Нурхан, Ковалева Арина, Кусаинов Алимхан, Кротов Константин белсенді қатысты.