2021 жылдың 19 ақпан күні №4 ЖОМ 1-10 сынып оқушылардың, даярлық топ тәрбиеленушілердің ата-аналары үшін қашықтықтан ата-аналар жиналысы өтті. Мектеп директоры А.К.Ашкенова Ақмола облысындағы карантиндік шектеулер туралы, 2021 жылдың 16.01. бас санитарлық дәрігердің қаулысы бойынша жеке қорғану құралдарын пайдалану және жою алгоритмінің сақталуын қамтамасыз ету және кемінде 2 метр қашықтықты сақтау керектігі туралы айтты.
Ата-аналар комитетінің төрайымы Б.М.Садвакасова көпшілік жиналатын бұқаралық іс-шараларды өткізуге тыйым салу туралы сөзін жалғастырды. ОТІ орынбасары А.К.Тулеуова 9 сынып оқушыларын аттестаттауды қалай өткізу жоспарланатындығы, пәндер бойынша консультациялар ұйымдастыру туралы айтты. ТІЖ орынбасары Е.В.Кравцунова зорлық-зомбылықтың, кәмелетке толмағандардың зорлық-зомбылығының алдын алу бойынша жұмыс жоспарымен таныстырды және «Тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу» тақырыбында презентация дайындады. Директор спорт үйірмелерінің жұмысы, үйірмелерді өткізу кестесі туралы хабарлады.