"АҚМОЛА ОБЛЫСЫ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫНЫҢ АТБАСАР АУДАНЫ БОЙЫНША БІЛІМ БӨЛІМІ АТБАСАР ҚАЛАСЫНЫҢ № 4 ЖАЛПЫ ОРТА БІЛІМ БЕРЕТІН МЕКТЕБІ" КОММУНАЛДЫҚ МЕМЛЕКЕТТІК МЕКЕМЕСІ
КОММУНАЛЬНОЕ ГОСУДАРСТВЕННОЕ УЧРЕЖДЕНИЕ "ОБЩЕОБРАЗОВАТЕЛЬНАЯ ШКОЛА № 4 ГОРОДА АТБАСАР ОТДЕЛА ОБРАЗОВАНИЯ ПО АТБАСАРСКОМУ РАЙОНУ УПРАВЛЕНИЯ ОБРАЗОВАНИЯ АКМОЛИНСКОЙ ОБЛАСТИ"

СоцСети

  

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

«Алтын адам туралы аңыз»

03.03.2021

Ашық сабақтың талдауы
3 наурыз күні бастауыш сынып апталығы аясында  1 "б" сынып жетекшісі Негметжанова А.С. дүниетану пәнінен «Алтын адам туралы аңыз» тақырыбына ашық сабақ өткізді.              
Сабақ барысында келесі мақсаттар қойылды:
-оқушыларды Алтын адам туралы аңызымен таныстыру;
- ежелгі экспонаттар/ танымал тарихи ескерткіштер туралы айтып беру;
-сақтардың  өмір салтын көрнекі материалдар негізінде сипаттауға үйрету.
 
Сабақта оқытудың түрлі әдістері мен формаларын қолданды. Бұл сабақ «Салт-дәстүрлер мен фольклор» бөліміндегі тарауының біреуі болып табылады. Сабақта оқушылардың жас және психологиялық ерекшеліктері ескерілді.
Сабақ барысында «Бас бармақ» өзін-өзі бағалаудың және «Ауызша мадақтау», «Қошемет» өзара бағалау арқылы оқушылардың кері байланысы қадағаланды.
Қорытындылау және «Бағдаршам» рефлексия жасау кезінде оқушылар сабақта алған білімдерінің өзіндік талдауын жасады. Сабақта қойылған мақсаттарға жетті.
Жаңа тақырыпты меңгеру үшін жағымды жағдай құру-осының барлығы негізгі мақсатты іске асыруына бағытталды.
Анализ открытого урока.

Просмотров: 355


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст