Текст
Жастардың әскери-патриоттық тәрбие-мемлекет қойған басты міндеттерінің бірі. Патриоттық клубтардың жұмысын жандандыру-жас ұрпақты тәрбиелеудің нақты жолдарының бірі, «патриот» жай сөз емес, айналадағы өмірді жақсартатын әрекеттер болып табылады. 3 наурыз күні №4 ЖОМ АӘТД оқытушысы А.С.Тахабаев «Жас Сарбаз» әскери-патриоттық клубының салтанатты ашылуын дайындады. 10 сынып оқушылары спорттың әскери-қолданбалы түрлері бойынша дайындықтың жоғары деңгейін көрсетті.