"АҚМОЛА ОБЛЫСЫ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫНЫҢ АТБАСАР АУДАНЫ БОЙЫНША БІЛІМ БӨЛІМІ АТБАСАР ҚАЛАСЫНЫҢ № 4 ЖАЛПЫ ОРТА БІЛІМ БЕРЕТІН МЕКТЕБІ" КОММУНАЛДЫҚ МЕМЛЕКЕТТІК МЕКЕМЕСІ
КОММУНАЛЬНОЕ ГОСУДАРСТВЕННОЕ УЧРЕЖДЕНИЕ "ОБЩЕОБРАЗОВАТЕЛЬНАЯ ШКОЛА № 4 ГОРОДА АТБАСАР ОТДЕЛА ОБРАЗОВАНИЯ ПО АТБАСАРСКОМУ РАЙОНУ УПРАВЛЕНИЯ ОБРАЗОВАНИЯ АКМОЛИНСКОЙ ОБЛАСТИ"

СоцСети

  

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

4 наурыз күні №4 ЖОМ ZOOM платформасы арқылы «Заманауи мектепте білім сапасын арттыру проблемалары» тақырыбына басшы мамандар секциясы өткізілді.

04.03.2021

4 наурыз күні №4 ЖОМ ZOOM платформасы арқылы «Заманауи мектепте білім сапасын арттыру проблемалары» тақырыбына басшы мамандар секциясы өткізілді. Мектеп директорының м.а. Ашкенова өз баяндамасында білім беру саясатының басты міндеті білім берудің заманауи сапасын қамтамасыз ету болып табылатындығына назар аударды. Айым Кайратовна мектеп бойынша мониторинг ұсынды. Математика мұғалімі К.А.Курмангожина 7 сыныпта «Қысқартылған көбейту формулары» тақырыбына алгебра пәнінен ашық сабақ өткізді. Осы материалды жақсы меңгеру үшін: жеке жұмыс,  сыныппен фронталды жұмыс, ауызша жұмыс, назар аудару тапсырмасы-сәйкестікті тап жұмыстың түрлі әдістер мен формаларын қолданды. Қазақ тілі және әдебиет мұғалімі М.К.Кощегулова 4-а сыныбында «Пайдалы өсімдіктер» тақырыбына ашық сабақ өткізді. Сабақ барысында ашық микрофон, қауымдастық, жеке  және фронталды жұмыс сияқты инновациялық әдістерін қолданды. Оқушылар өткен тақырып бойынша семантикалық кестелермен жұмыс істеді. Тыңдалған мәтін бойынша тапсырмалар орындалды. Орыс тілі және әдебиеті пәнінің мұғалімі Л.Р.Лобова «Уроки Чехова, или Смешное и грустное в рассказах Чехова А.П...». 8 сынып оқушылары  Чехов әзілінің ерекшеліктерін анықтап, А. П. Чеховтың әңгімелерінің кейіпкерлері қандай екенін көрді. Сабақтың мақсатына сәйкес оқушылардың іс-әрекетін ұйымдастырудың түрлі тәсілдері, оқытудың белсенді әдістері, интерактивті технологиялар, АКТ технологиялары қолданылды.№4 ЖОМ бастауыш сынып мұғалімі Л.Б.Исаева 3 сыныпта «Етістіктің белгісіздік формасы» тақырыбына орыс тілі пәнінен ашық сабақ өткізді. Білімді белсендіру "Сұхбат"түрінде жоспарланған. Өткенді қайталау сауалнама және тест түрінде жүргізілді. Сабақ тақырыбы бойынша білімді бекіту және қорыту жүргізілді. Инклюзияны қолдау кабинетінің мамандары Д.С.Бимендина, Е.П.Онопка, Д.А.Искакова ИҚК жұмысы туралы мастер-класс өткізді. Д.С.Бимендина «Үй жануарлары», Д.А.Искакова «Денсаулық сақтау технологияларының бір түрі ретінде кинезиологиялық әдістер мен тәсілдерді қолдану бойынша мастер класс, Е.П.Онопка «Көлік.Көлік түрлері.Су көлігі» тақырыптарына ашық сабақ өткізді. Сабақта АКТ, көрнекі құралдар, иллюстрациялар, үлестірме материалдар, карточкалар, дамытушы ойыншықтар қолданылды. Сабақтардың жоспарланған нәтижелеріне қол жеткізілді. Отансүйгіштік сезімін және Отанға деген құрмет, әртүрлі ұлт өкілдері арасындағы достық қарым-қатынасты тәрбиелеу мақсатында ТІЖ орынбасары Е.В. Кравцунова "Алғыс білдіреміз" атты сыныптан тыс іс-шара өткізді». 

Просмотров: 352


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст