Текст
5 Наурыз күні 6 сыныпта математика мұғалімі К.А.Курмангожина «Координаттық жазықтық» тақырып бойынша бекіту сабағын өткізді. Сабақтың мақсаты: координаттық жазықтық ұғымын түсіну, тік бұрышты координаттар жүйесіндегі нүктені салу. Балалар миллиметрлік қағазда координаттар арқылы әртүрлі суреттерді бейнелеп, шығармашылықтарын көрсетті.