Текст
2021ж.7 сәуір күні №4 ЖОМ 5-б сынып оқушылары үшін кеңесші Кулиева З.А. «Жол ережелерін оқып үйрену» тақырыбында тақырыптық сағат өткізді. Мақсаты мен міндеттері: қала жолдары мен көшелерінде балалардың жарақат алуының алдын алу. Балалардың жол ережелері туралы білімдерін жүйелеу. Балалардың танымдық процестер мен өз бетінше ойлау дағдыларын қалыптастыру. Теориялық білімді практикада қолдана білу қабілеттерін нығайту.