Біз әлі үйреніп жатырмыз...
2021ж. 14 сәуір күні даярлық тобының тәрбиешісі Нурбаева Л.С. «Ч дыбысы. Ч.ч әрпі» тақырыбында сауат негіздері бойынша ашық сабақ өткізді. Сабақтың мақсаты: әртүрлі қарым-қатынас жағдайларындағы сөйлеу этикетін қолдану; оқудың негізгі түрлері; әріп бейнесін тану және оны дыбыспен салыстыру; Чч бас әрпін және жол әрпін жазу. Сабақ жақсы әдістемелік деңгейде өтті, мақсаттарға жетті. Лязят Саленкызы инновациялық технологияларын пайдаланып, оқушыларға сараланған тапсырмалар ұсынды-сөздерді буынға бөлу, мағынасын түсіндіріп, мақал-мәтелдерді біріктіру, сөздің басында, ортасында және соңында ч әрпін табу. Балалар сұрақтарға белсенді жауап берді, жұмбақтар шешті, сөздердің дыбыстық-әріптік талдауға қатысты, сурет бойынша ч әрпі бар сөздерді тапты. Рефлексия барысында «Сұраулы сөздер» сыни тұрғыдан ойлау стратегиясын дамыту технология әдісін қолданды.