Текст
"Біздің мектеп ауласы біздің қолымызда" - осындай ұранмен біз экологиялық десантқа шықтық. Десантқа 7 сынып оқушылары қатысты. Мақсат мектеп ауласын тазарту, гүл бақшасын абаттандыру ғана емес,сонымен қатар жастарды туған табиғатына ұқыпты қарауға тәрбиелеу болды. Бір-біріміздің еңбегімізді құрметтейік, айналамыздағы табиғатқа қамқорлық жасайық. Егер әркім басқаларға бас иземей-ақ өзінен бастаса, онда бұл міндет толығымен шешіледі!