Текст
17.11.2025
2025ж 10қараша күні №4 ЖББМ 1-9 сынып оқушыларына арналған ,,Қазақ тілі мен әдебиеті"пәні онкүндігінің ашылу салтанаты өтті.
Мақсаты:
оқушылардың қазақ тілі мен әдебиетіне деген қызығушылығын арттыру, мемлекеттік мәртебесін көтеру және тіл мәдениетін дамыту арқылы ұлттық құндылықтарды насихаттау.
Қазақ тілі -жай ғана қарым-қатынас құралы емес,халықтың ұрпағын, мәдениеті мен жан дүниесі байланыстыратын тірі жіп. Оның әуенділігі,өрнектері нің байлығы мен бейнелелігі әрбір сөзді ерекше етеді.
Қазақ тілінің ұлылығы- оның ежелден тамыр алып келе жатқан тарихында, ауыздан-ауызға жеткізілетін әндерде, аңыздарда және өлеңдерде.
Бұл- ұлы даланың, еркін желдің және мызғымас рухтың тілі. Оны сақтап, дамыту - біздің борышымыз.