"АҚМОЛА ОБЛЫСЫ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫНЫҢ АТБАСАР АУДАНЫ БОЙЫНША БІЛІМ БӨЛІМІ АТБАСАР ҚАЛАСЫНЫҢ № 4 ЖАЛПЫ ОРТА БІЛІМ БЕРЕТІН МЕКТЕБІ" КОММУНАЛДЫҚ МЕМЛЕКЕТТІК МЕКЕМЕСІ
КОММУНАЛЬНОЕ ГОСУДАРСТВЕННОЕ УЧРЕЖДЕНИЕ "ОБЩЕОБРАЗОВАТЕЛЬНАЯ ШКОЛА № 4 ГОРОДА АТБАСАР ОТДЕЛА ОБРАЗОВАНИЯ ПО АТБАСАРСКОМУ РАЙОНУ УПРАВЛЕНИЯ ОБРАЗОВАНИЯ АКМОЛИНСКОЙ ОБЛАСТИ"

СоцСети

  

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

«Абай әлемі» атты әдеби сағат

17.11.2025

«Абай әлемі» атты әдеби сағат

17 қараша күні КГУ «№4 жалпы орта мектебінде» 6–9 сынып оқушылары арасында «Абай әлемі» атты әдеби сағат өткізілді.

Мақсаты:

— Оқушыларға Абай Құнанбайұлының өмірі мен шығармашылығы туралы мағлұмат беру;

— Қазақ әдебиетіндегі Абайдың орны мен мұрасын таныту;

— Оқушылардың рухани-адамгершілік құндылықтарға деген қызығушылығын арттыру.

Әдеби сағат мазмұнды әрі тартымды өтті. Оқушылар Абайдың өлеңдерін мәнерлеп оқып, қара сөздерінен үзінділер келтірді, ақынның өмір жолына қатысты мәліметтерді талдап жеткізді. Шағын сахналық көріністер мен презентациялар іс-шараның әсерін күшейтті.

Іс-шараның соңында интеллектуалды ойын өткізілді.

Ойын барысында оқушылар Абай өмірі мен шығармашылығы бойынша білімдерін көрсетіп, тапқырлықтары мен топтық жұмыс дағдыларын танытты. Бұл кезең әдеби сағатқа ерекше серпін берді.

Жалпы, «Абай әлемі» әдеби сағаты оқушылардың әдебиетке қызығушылығын арттырып, ұлттық мұраға деген құрметін күшейтті.

Просмотров: 18


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст