"АҚМОЛА ОБЛЫСЫ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫНЫҢ АТБАСАР АУДАНЫ БОЙЫНША БІЛІМ БӨЛІМІ АТБАСАР ҚАЛАСЫНЫҢ № 4 ЖАЛПЫ ОРТА БІЛІМ БЕРЕТІН МЕКТЕБІ" КОММУНАЛДЫҚ МЕМЛЕКЕТТІК МЕКЕМЕСІ
КОММУНАЛЬНОЕ ГОСУДАРСТВЕННОЕ УЧРЕЖДЕНИЕ "ОБЩЕОБРАЗОВАТЕЛЬНАЯ ШКОЛА № 4 ГОРОДА АТБАСАР ОТДЕЛА ОБРАЗОВАНИЯ ПО АТБАСАРСКОМУ РАЙОНУ УПРАВЛЕНИЯ ОБРАЗОВАНИЯ АКМОЛИНСКОЙ ОБЛАСТИ"

СоцСети

  

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

«БІЛІМ БЕРУ ҰЙЫМДАРЫНЫҢ ЕРЕКШЕ БІЛІМ БЕРУ ҚАЖЕТТІЛІГІ БАР БІЛІМ АЛУШЫЛАРМЕН КӘСІПТІК БАҒДАРЛАУ ЖҰМЫСЫ МӘСЕЛЕЛЕРІНДЕ БІРЛЕСКЕН ҚЫЗМЕТІ ТУРАЛЫ» ІІ-ШІ АЙМАҚАРАЛЫҚ ҒЫЛЫМИ-ПРАКТИКАЛЫҚ КОНФЕРЕНЦИЯ

25.11.2021

Екінші аймақаралық ғылыми-практикалық конференцияны Ақмола облысының білім басқармасы Ақмола облысында инклюзивті білім беруді дамыту жөніндегі Үйлестіру кеңесімен, облыстық оқу-әдістемелік кабинетімен, Ақмола аймақтық білім берудегі жаңа технологиялар орталығымен бірлесе отырып  ұйымдастырды.
Конференцияның мақсаты ерекше білім беру қажеттіліктері бар балаларды (тұлғаларды) кәсіптік бағдарлау мәселелерінде арнайы білім беру ұйымдары мен ТжКБ ұйымдарының бірлескен қызметін талқылау бойынша диалогтық алаң құру болып табылады.
Конференцияның міндеттері: педагогтарға әдістемелік және практикалық қолдау көрсету; ерекше білім беру қажеттіліктері бар балаларды (тұлғаларды) оқыту мәселелерінде білім беру ұйымдарының өзара іс-қимыл перспективаларын іздеу және талқылауға бастамашылық жасау; білім берудің өзекті міндеттерін іске асыру; білім берудің әртүрлі деңгейлерінің өкілдері арасында диалог ұйымдастыру.
Секциялық отырыстар Ақмола облысының бірқатар техникалық және кәсіптік және арнайы білім беру тірек ұйымдарының базасында инклюзивті тәжірибелерді енгізу бойынша өткізіледі.

Просмотров: 324


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст