Текст
24 наурыз күні"4 ЖББМ" КММ-де мектеп директоры А.Ашкенова оқу-тәрбие процесіне талдау жасап,педагогикалық кеңес өткізді. Оқу-ісі бөлімінің меңгерушісі А.К. Төлеуова 3-тоқсан 0 ,1-4,5-9,10-11-сыныптардың қорытындылары туралы,пәндер бойынша білім сапасы туралы хабардар етті,сыныптар бөлінісінде 2021-2022 оқу жылының 1-жарты жылдық және 3-тоқсан мониторинг қорытындыларымен таныстырды.Шағын орталықтың тәрбиешісі Р.Т. Ковалева " Мектепке дейінгі мекемелерде мнемоника "модельдеудің инновациялық технологиясын қолдану"тақырыбында баяндама жасады.Мектеп жасына дейінгі балалардың тілдік дамуы туралы мектепалды тәрбиешісі Л. С. Нұрбаева сөз сөйледі.