2019ж. 30 сәуір күні мектеп психологы, өзін-өзі тану мұғалімі Касымбекова Б.Д. 4 сыныпта «Отбасылық құндылықтары” тақырып бойынша ашық сабақ өткізді. Сабақта Атбасар ауданы білім бөлімінің әдіскері Мотузкова О.С., өзін-өзі тану мұғалімдері Дюсекова Л.Б., Сулейманова Л.А., ОТІ орынбасары Тулеуова А.К. қатысты. Сабақ әдістемелік деңгейде өтті, сабақ кезеңдері сақталды. Ботагоз Дюсенбаевна сабақтың мақсатына жетті, түрлі форма және әдістерді қолданды. Сабақ барысында мұғалім мен оқушылар арасында байланыс сезілді. Балалар топпен жұмыс істеді, ертегінің қойылымын қойды, отбасылық тақырыбына мақал-мәтелдерін тапты, отбасылық елтаңба эскизін салды, эссе жазды. Кері байланыс, рефлексия болды. Сабақ «Табыс сандығымен» аяқталды және әр оқушы тәтті сыйлық алды. Оксана Сергеевна жоғары баға берді.
Алимжанова Г.М.