Текст
25 мамырда 1-11 сынып оқушылары үшін "соңғы қоңырау" мерекесіне арналған салтанатты жиын өтті. Мектеп директоры М. Қ. Ундубай оқу ісінің меңгерушісі А. К. Тулеуова оқу озаттарына мақтау қағаздары мен белгілер табыс етті. Ең белсенді, шығармашылық балалар "Жас Қыран" балалар ұйымының қатарына қабылданды. Дене тәрбиесінің мұғалімі А. М. Абдрахманов спорттық жетістіктері үшін бітірушілерге грамоталар мен бағалы сыйлықтар дайындады. Бірінші сынып оқушылары мектеп бітірушілерді өлеңдер мен сыйлықтармен марапаттады. Соңғы қоңырау беру құқығы 11 сынып түлегі Исенов Алдиар мен бірінші сынып оқушысы Менчинова Ангелина берілді.