Текст
2022 жылдың 30 мамырында " № 4 жалпы білім беретін мектепте орыс тілінен 11-сынып оқушыларының қорытынды аттестаттауы өтті. Емтиханға барлық 11 сынып оқушылары уақытында келді. Атбасар ауданы бойынша білім бөлімінің тәрбие жұмысы жөніндегі әдіскері Нурмагамбетова Кымбат Каиржановна қатысып, балаларға емтиханды өте жақсы және жақсы тапсыруға тілек білдірді.Мектеп директоры Ашкенова Айым Қайратқызы емтихан материалдары салынған конвертті ашып, балаларды құттықтады.Балаларға емтихан тапсыруға сәттілік тілейміз!