"АҚМОЛА ОБЛЫСЫ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫНЫҢ АТБАСАР АУДАНЫ БОЙЫНША БІЛІМ БӨЛІМІ АТБАСАР ҚАЛАСЫНЫҢ № 4 ЖАЛПЫ ОРТА БІЛІМ БЕРЕТІН МЕКТЕБІ" КОММУНАЛДЫҚ МЕМЛЕКЕТТІК МЕКЕМЕСІ
КОММУНАЛЬНОЕ ГОСУДАРСТВЕННОЕ УЧРЕЖДЕНИЕ "ОБЩЕОБРАЗОВАТЕЛЬНАЯ ШКОЛА № 4 ГОРОДА АТБАСАР ОТДЕЛА ОБРАЗОВАНИЯ ПО АТБАСАРСКОМУ РАЙОНУ УПРАВЛЕНИЯ ОБРАЗОВАНИЯ АКМОЛИНСКОЙ ОБЛАСТИ"

СоцСети

  

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

2019-2020 оқу жылының «№4ОМ»КММ бойынша ҚР Тілдер апталығының ашылуын өткізу туралы ақпарат.

10.09.2019 2019-2020 оқу жылының «№4ОМ»КММ бойынша ҚР Тілдер апталығының ашылуын өткізу туралы ақпарат. 1998 жылдың 20 қаңтардағы Республика Президентінің Жарлығына байланысты,түрлі ұлттардың салт-дәстүрлері, туған тіліне және туған еліне деген құрмет және сүйіспеншілік және тілдер туралы білімдерін кеңейту мақсатында Қазақстан Республикасында Қазақстан халықтарының Тілдер күні мерекесі белгіленді. Тілдер мерекесі-халықтар арасындағы бірлік және келісім символы. 5 қыркүйек күні «№4ОМ ұстаздары мен оқушылары апталықтың салтанатты ашылуында мереке атмосферасын құрды. 1-11 сынып оқушылары үшін апталықтың ашылуы салтанатты жиында өтті. Жиынды өткізген жүргізушілері тілдің тарихы туралы үш тілде ақпарат берді. Оқушыларды оқу-тәрбие ісінің меңгерушісі Тулеуова А.К. құттықтады. Қазақ тілі және әдебиет мұғалімдерінің ӘБ жетекшісі Текенова С.К. ҚР халықтарының Тілдер күнін тойлайтынын айтып берді, іс-шараның өткізу жоспарымен таныстырды. Оқушылардың ағылшын тілде сөйлеуі (мұғалім Муратова А.Р.), орыс тілінде (мұғалім Лобова Л.Р.) тілдің дамуын және білімін көрсетті. Апталықтың ашылуы-қабырға газеттерін шығару және «Тіл-елдің байлығы» кітап көрмесі ұйымдастырылды.
Просмотров: 479


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст