Текст
Қазақтың ұлы ақыны, ағартушысы Абай Құнанбаевтың туған күніне арналған "Оқу мектебі" жобасы аясында Мұхтар Әуезовтің "Абай жолы"кітабын оқуды ұсынамыз.
"Абай жолы" роман-эпопеясы-әлемдік өнерге қосқан үлесі көп. Кітап қазақтың ұлы ақыны, философ және гуманист Абай Құнанбаевтың өмірі мен шығармашылығына арналған. Кітапта қазақ әдебиетінің көпғасырлық дамуы, XIX ғасырдағы қазақ халқының өмірі көрсетілген. Романның бірінші кітабы (1942) Абайдың жастық шағына, екіншісі (1947) Абай – ақынның қалыптасуына арналған. Үшінші (1952) және төртінші (1956) кітаптар ақын өмірінің соңғы жиырма жылына арналған.
Мұхтар Әуезовтің "Абай жолы" роман-эпопеясын №4 ЖББМ КММ мектеп кітапханасында, сондай-ақ онлайн режимінде оқуға болады.