Текст
Мамандық көп. Ұстаздық – ең жақсысы. Ұстаздардың бала тәрбиесіне қосқан үлесі орасан зор. Ұстаздарға, педагогикалық еңбек ардагерлеріне арналған «Ұстаздар күні – ерекше мереке» атты мерекелік іс-шара өткізілді. Әндер шырқалды және "мұғалімдер вальсі" биі болды. Мектеп директоры Ашкенова А.Қ. өзінің шынайы тілегін білдіре отырып, тағылымдамадан өтуші мұғалімдер мен жас ұстаздарға сертификаттар табыстады.